Өскемен тұрғыны жолдың үстіне үстел мен орындық қойып, көліктер жүріп жатқанда бейне түсірген. Лайк қуған бұл әрекет заң алдында жауапкершілікке әкеп соқты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ-тің Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлауынша, 22 жастағы Өскемен тұрғыны әлеуметтік желілерде жолда түсірілген қауіпті бейне пайда болған соң жауапкершілікке тартылды.
«Әлеуметтік желілерде блогерлердің жолдың үстіне үстел мен орындық қойып, көліктер жүріп жатқанда бейне түсіргені туралы видео тарады», — делінген хабарламада.
«ҚР ІІМ жаңалықтары» Telegram-арнасында 22 жастағы қала тұрғыны қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылғаны нақтыланды.
«Полиция ескертеді: әсерлі кадрлар үшін жолда қауіп төндіретін әрекеттерге бармаңыздар. Жолға бөгде заттар қою көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», — деп қосты Ішкі істер министрлігі.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жарнама түсіру үшін жолда қауіпті трюк жасап, жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын.


