- 15 шіл. 2023 00:00
- 294
Өтегеннің қарызын қайтаруы
Өтеген бір күні базарға келіп, аралап жүріп, өзімен рулас Жүсіп деген адамды кездестіріп қалады. Жүсіп ақшаға мұқтаж болып тұр екен, батырды көріп қуанып кетеді, қарызға ақша сұрайды. Өтеген оған бір апта мерзімге отыз сом ақша қарыз береді.
Сөйтіп, арада үш апта өтеді. Жүсіп қарызға алған ақшасын қайтармайды. Өтеген Жанғұтты болысқа Жүсіптің үстінен шағым айтады. Болыс Жүсіпті шақырып алып:
— Сен Өтегеннен жүз сом қарыз алған екенсің. Ақшасын дереу тауып бер, болмаса сол жүз сомның орнына мал бер! — деп бұйырады.
— Ағатай, алғаным жүз сом емес, отыз сом еді, — деп Жүсіп жыларман болыпты.
Бірақ Жүсіптің сөзіне ешкім құлақ аспайды, ол тағдырдың салғанына амалсыздан көнеді.
Өтеген үйіне қайтып келген соң Жүсіпті өзіне шақыртып алып:
— Балам, мен сенен артық, ақша алып қойдым ба? — деп сұрайды.
— Иә, ататай, — деп жылап жіберіпті Жүсіп. Сонда өтеген Жүсіпке ақыл айтып:
— Шырағым, сен әлі жассың. Мұнан былай өтірік айтушы болма! — деп беліндегі көп ақшаны шешіп, алдына тастай салады.
— Өзіңдікін ал да, өзімдікін өзіме қайтар, — дейді.
Жүсіп батырдан кешірім сұрап, енді өтірік айтпауға уәде беріпті. Өтеген Жүсіпке тай мінгізіпті.