«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасында бұрын Уэйн Гретцкиге тиесілі болған кезекті рекордты жаңартты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Сиэтл Кракенге» қарсы тұрақты біріншілік матчында ресейлік форвард ойынның 17-минутында гол соқты. Бұл шайба оның НХЛ чемпионаттарының қазан айындағы матчтарындағы 199 ойындағы 127-ші голы болды. Осылайша Овечкин 205 қазан кездесуінде 126 гол соққан канадалық Уэйн Гретцкидің жетістігін басып озып, лиганың жаңа рекордын орнатты.

Бұған дейін Овечкин аңызға айналған Гретцкидің ұзақ уақыт «мәңгілік» саналған НХЛ тұрақты чемпионаттарындағы гол саны бойынша рекордын жаңартқан болатын.

Осы жылдың сәуірінде Александр хоккей тарихындағы үздік снайпер атанды — рекорд орнатқан сәтте оның есебінде 1106 гол болды.

Жуырда Александр Овечкин НХЛ-дегі мансабын аяқтайтынын мәлімдеді: ағымдағы маусым ол үшін соңғысы болады.