2026 жылдың алғашқы алты айында 1,5 миллионнан астам қазақстандық паспорт пен жеке куәлік алды. Тек маусым айында 269 мыңнан астам адам құжат рәсімдеген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, паспортты тіркелген жеріне қарамастан кез келген ХҚКО-да рәсімдеуге болады. Құн құжаттың бет санына және иесінің жасына байланысты.

36 беттік паспорт 34 600 теңге, 48 беттік паспорт 51 900 теңге тұрады. Балаларға арналған паспорт үшін 17 300 теңге төлеу қажет.

Жеке куәлікті қазақстандықтар алғаш рет 16 жаста алады. Құжатты алғаш рет рәсімдеу тегін. Мерзімі өткеннен кейін ауыстырған кезде де мемлекеттік баж төлеудің қажеті жоқ.

Егер жеке куәлік жоғалса, жаңасын рәсімдеу үшін 865 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуге тура келеді.

Паспорт пен жеке куәлікті дайындауға 15 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі. Қажет болған жағдайда екі құжатты да жеделдетілген тәртіппен алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» құжаттардың мерзімін алдын ала тексеруді, әсіресе сапарлар мен басқа да маңызды оқиғалар алдында, және оларды ауыстыруды соңғы сәтке қалдырмауды ұсынады.

Бұған дейін «Курсив» шетелде паспортын жоғалтқан, ұрлатқан немесе бүлдірген қазақстандықтар ҚР шетелдік мекемесінде елге бір рет кіруге құқық беретін қайта оралу куәлігін рәсімдей алатынын жазған болатын. Тек 2026 жылдың екінші тоқсанында мұндай 800-ден астам құжат берілген. Көбінесе олар үшін Қырғызстанда, Өзбекстанда және Ресейде жүрген қазақстандықтар жүгінген.