Жаңа iPhone үлгілерін сатып алғысы келген қазақстандықтарға алаяқтар қақпан құрып жүр. Смартфондарды жалған алдын ала тапсырысқа байланысты айла-амалдар туралы Абай облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ведомствоның дерегінше, алаяқтар Telegram-да жабық арналар ашып, онда iPhone-ды сатылымның бірінші күні сатып алуды ұсына бастаған. Олардың қармағына нарықтағыдан төмен бағалар да ілігеді: арзан бағаны «көтерме сатып алумен» түсіндіреді, ал сенімдірек болу үшін жалған жүкқұжаттарды, қораптардың суреттерін, сондай-ақ «курьерлермен» және қойма қызметкерлерімен болған хат алмасуды көрсетеді.
«Сатып алушыларға жеке тұлғаның картасына алдын ала төлем жасауды немесе криптовалютамен есеп айырысуды ұсынады. Ақшаны алып, алаяқтар арнаны жояды, клиентті бұғаттайды да, байланысқа шықпай қояды», — деп ескертті полицияда.
Қазақстандықтарға тым тиімді ұсыныстарға сенбеуге, сатушыны тексеруге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және техниканы тек ресми дүкендерден сатып алуға кеңес береді.
Сонымен қатар азаматтарды банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Еске салайық, жақында Apple алғашқы бүктелетін смартфонын, iPhone 18 Pro мен Pro Max-ты, белсенді шуыл басатын құлаққапты және жетілдірілген «ақылды» сағатты таныстырған еді.


