
- 14 сәу. 2025 13:52
- 107
Президент қазақстандық бітімгерлерді марапаттады
Мемлекет басшысы БҰҰ аясындағы бітімгерлік миссия кезінде ерлік көрсеткен қазақстандық әскери қызметшілерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Infohub.kz.
Голан жоталарында бейбітшілікті қамтамасыз етуге атсалысқан 20 бітімгер әскери борышын үлгілі атқарғаны және жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапатталғандардың қатарында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» ордені, сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі бар.
Бір жыл бұрын аттанған алғашқы бітімгерлік контингент құрамында 139 әскери қызметші болған, олардың жетеуі – әйел. Әр бітімгер ай сайын шамамен 1448 доллар (730 мың теңге) көлемінде жалақы алады.