- 27 қар. 2019 00:00
- 247
Қабанның Алтай өңірінде көзге түсуі
Күн өте келе Қабанның қайраты ел көзіне түсе бастайды. Ол кезде Алтай елі де үнемі монғолдармен жауласып тұрады екен. Бір ретте монғолдар Алтайдағы қазақтардың жылқысын шауып әкетіп, бұған керейлер жағы адам аттандырады екен. Олармен бірге Қабан да барады.
Осы кездегі айқастан Қабан ерекше көзге түсіп, жылқыны аман-есен қайтарып әкеледі. Сонымен Қабанның даңқы артып, малы өсіп дүр ете түседі. Сөйтіп, «Қабанның артына «бай» деген сөз қосылып «Қабанбай» атанады.