Ұры біреудің бөркін ұрлапты. Сатпақ болып оны базарға алып шығады. Базарда бөрікті онан тағы біреу ұрлап алады. Кешке көршісі ұрыдан:

— Бөркіңді қаншаға саттың? — деп сұрайды.

Ұры:

— Қаншаға алған болсам, соншаға саттым! — деп жауап беріпті.