Қарағанды облысында Астана — Қарағанды тас жолында полиция қызметкерлері қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірлерін грузин нөмірлерінің астына жасырған жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, 7 қазанда Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Астана — Қарағанды тас жолында QAJ жүйесінен Астана жақтан Қарағанды бағытына келе жатқан жүк көлігі туралы ақпарат алды. Қолда бар деректерге қарағанда, көлікте жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері пайдаланылуы мүмкін еді.
Ақпарат дереу патрульдік экипаждарға жеткізілді. Тас жолдың 111-шақырымында Осакаровка кентінің маңында полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізуші басқарған DAF жүк көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде күдік расталды.
«Қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің үстіне басқа мемлекеттің — Грузияның нөмірлері орнатылған. Осылайша жүргізуші көліктің нақты тіркеу деректерін жасыруға тырысқан», — деді Ішкі істер министрлігінде.
Көлік коммуналдық арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осакаровка аудандық соты материалдарды қарау қорытындысы бойынша жүргізушіні бір жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырып, әкімшілік қамауға алды.


