Қазақстанның ерлер бокс құрамасының бас бапкерлер штабы Азия ойындары-2026-ға қатысатын құрамды анықтады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық құраманың өтініміне алты спортшы енді: Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).

Бұған дейін Қазақстанның әйелдер құрамасының құрамы белгілі болған еді. Азия ойындарында Алуа Балкибекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбикеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Азия ойындары-2026-ның ашылу салтанаты 19 қыркүйекке жоспарланған, ал бокс турнирі 21 қыркүйекте басталады.