Қазақстандық құқық қорғау органдары алаяқтықтың алдын алудың жаңа, ерекше форматын ұсынды: олар танымал «Сердце пацана» әнін негізге алып, мәтінін толығымен қаржылық пирамидалар туралы ескертуге қайта жазды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігі дайындаған бейнероликте жас жігіт ведомство қызметкерімен кездеседі. Алаяқтар туралы әдеттегі дәрістің орнына ол тректің қайта жазылған нұсқасын орындайды.
«Ты же не мальчик, не надо лезть в это. Ты думал, самый умный, и тебя не одурачат?», — делінген ән мәтінінде.
Соңында форма киген кейіпкер басты кеңес береді: күмәнді схемаларға араласпау және тез байып кетуге тырыспау керек.
Пікірлерге қарағанда, аудитория ерекше форматты оң қабылдады. Қолданушылар роликті креативті деп атайды.
«Милахи», «Ну, мастера на все руки», «Креатив зашкаливает! Крутые!», — деп жазады жазылушылар.
Бұл — қазақстандық құқық қорғау органдарының қылмыстың алдын алу үшін танымал форматтарды пайдалануы алғаш рет емес. Бұған дейін полицейлер Barbie Girl әніне ролик түсіріп, «Аватар» стиліндегі бейнежазбаларды да шығарған болатын.
Бұған дейін «Курсив» Павлодар облысында бүкіл Қазақстанды шарлаған HAS қаржылық пирамидасынан зардап шеккен тағы 139 адам анықталғанын жазған. Қаржылық пирамида Қазақстанда 2022–2023 жылдары әрекет еткен.


