Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко АҚШ ашық чемпионатындағы (US Open 2026) алғашқы ойынын жеңіліспен бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әлемдік рейтингте 98-орында тұрған теннисші бірінші айналымда хорватиялық Дино Призмичпен кездесті. Ол рейтингте төрт саты төмен орналасқан.

Матч максималды бес сетке созылды. Төртінші сетте Призмич матчты аяқтау үшін подача жасады, бірақ Шевченко брейк жасап, күресті жалғастырды. Шешуші партияда қазақстандық бірнеше матчболды пайдалана алмады. Соңында хорват 2:6, 6:3, 6:3, 5:7, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Қарсыластар кортта 3 сағат 54 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Шевченко 14 эйс жасады, жеті қос қателік жіберді және 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Екінші ракетканың жарыстан шығып қалуынан кейін Қазақстан атынан US Open жекелей сында тек Александр Бублик қалды. Турнирде 15-ші нөмірлі жеребе иегері Астана уақытымен 31 тамызға қараған түні өз ойынын бастайды.