- 20 жел. 2021 00:00
- 440
Қызыл кітапқа тіркелген қайың түрлері
Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі — қызыл қайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.
Қызыл қайың — Қостанай облысындағы Наурызым мамлекеттік табиғи қорығы мен Аманқарағай орманды алқабында ғана өседі. Талас қайыңы — Талас Алатауындағы Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында және оған көршілес өңірлерде өседі. Ал, Ярмоленко қайыңы — Алматы облысының Райымбек ауданындағы Көкбел, Текес, Байынқол және Нарынқол өзендерінің аңғарларында шағын алқаптарда ғана өседі. Бұл қайың түрлері қатаң түрде қорғауды қажет етеді.
Оқуға кеңес береміз:
Қызыл кітапқа енген жануарлар (омыртқалылар)
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
“Қызыл кітапқа” енген жануарлар