Үлкен бір жиында Қожанасырдың достары қолына домбыра тұтқызып, күй тартып беруді өтініпті. Қожанасыр да қолына домбыраны алып, бет алды сабалай беріпті. Жағымсыз дыңғыр мен тыңқылдың үні жақпаған достарының бірі:

— Қожеке, домбыраны осылай тарта ма екен? Құлағын бұрап, тиегін жөндеп, пернесін басып тартпай ма? — депті.

Сонда Қожанасыр:

— Көріп тұрсыңдар ғой, менің екі қолым бірдей перне сабаудан бос емес, сондықтан бірің құлағын бұрап, екіншің тиегін жөндеп, үшінші біреуің пернесін бассаңдар, өздерің ойлаған дай күй тартылмай ма? — деп достарына жауап қайтарыпты.