Бір күні Қожанасырдың егісіне көршісінің өгізі түсіп, аяғымен таптап, жеп жүр екен. Көзі шалып қалған Қожанасыр өгізді ұстап алып, үйіне жетектеп әкеледі де, «егінді жеп, таптап тастаудың жазасы — сою» деп өгізді бауыздап тастайды.

Сұрау сала жүрген өгіздің иесі:

— Қожеке, ізі-түзі осы сізден шығып отыр, сол үшін келіп отырмын, — депті. Екеуі қатты ашуланып, ерегісіп кетеді.

Бір кезде Қожанасыр:

— Көп ашуымды келтіре берме, бүйіте берсең, өгіздің терісін көрсетемін де, өзіңе егіннің құнын төлетемін, — деген екен.