- 24 қар. 2019 00:00
- 254
Қорқыт туралы аңыз
Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш адам екен. Ол бір жерде отырмай үнемі дүние кезіп, тіршіліктегі жақсы-жаманды көріп, салмақтап, сынап байыбына жетіп, біліп жүріпті. Біреу кәрі, біреу жас, біреу бақытты, біреу бақытсыз, біреу қыршын жас күйінде, біреу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді, қария өліп дүниемен қош айтысады. Неліктен бұлай? Бірақ қанша ойланып, толғанса да, мұның жауабын таба алмайды. Жасы ұлғайған сайын Қорқыт өлім жайын көбірек ойлайтын болыпты. Өлім түсіне де кіре береді. Бір күні түсінде Қорқыт жапан даланы кезіп келе жатса, көр қазып жатқан бір топ адамға кездесіп, олардан:
— Мұны кімге қазып жатырсыңдар? — деп сұрайды. Көр қазушылар:
— Қорқыт әулиені қоюға қазып жатырмыз, — дейді. осыдан сескенеді де, Қорқыт келер күні көр қазылып жатқан жерден басқа, дүниенің екінші бір шетіне сапар шегеді. Бетпақтың шөлін де, Сарыарқаны да түгел кезеді. Қайда жүрсе де, қайда барса да ұйықтаса-ақ болғаны — түсінде өзіне қазылып жатқан көрді көреді. Жер ортасы Сырдарияның жағасы екен. «Жерұйық» осы деп, қазіргі Қорқыт моласы тұрған Сырдарияның жағасына келіп тұрақтайды. «Елімнің тарихи аңыздар қайғысына мың да бір дауа осы болар» деп, Сырдың суына кілемін төсеп, қобызын тартып тұрады.