Қостанай қалалық соты автокөлік иесінің Қостанай әкімдігінің құрылыс бөліміне қойған талап-арызын қанағаттандырып, ашық қарау люгіне соқтығысу салдарынан келтірілген залал үшін өтемақы өндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қостанай облысы соттарының ресми Telegram-арнасында жарияланғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Сот анықтағандай, өткен жылдың қазан айында талап қоюшыға тиесілі Chevrolet көлігінің жүргізушісі Береке шағын ауданындағы жүріс бөлігінде орналасқан ашық қарау люгіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан көлікке механикалық зақым келген.
Бұған дейін жауапкер қарау люктерін ұстау ережелерін бұзып, көлік зақымына әкеп соққан ЖКО үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот талқылауы барысында жауапкердің өкілі нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталмағанын, қауіпсіздік үшін мердігер жауапты болуы тиіс екенін алға тартып, талапты қанағаттандыруға қарсылық білдірді. Алайда сот қарау люгі жауапкердің жауапты ұстауында болғанын, ал оның кінәсін жоққа шығаратын дәлелдер ұсынылмағанын анықтады.
Сот шешімімен талап талаптары қанағаттандырылды. Жауапкерден талап қоюшының пайдасына 205 400 теңге материалдық залал, сондай-ақ бағалауға жұмсалған 85 мың теңге өндірілді.


