Қазақстан тұрғыны әйел өзіне тиесілі үйден әкесін сот арқылы шығарып жіберуге тырысты. Дау кассациялық сатыға дейін жетті, алайда Жоғарғы Сот ер адамның жағын қолдады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Кассациялық соттың хабарлауынша, әйел әкесін үй иесі екенін алға тартып, шығарып жіберуді талап еткен. Бірінші сатыдағы сот оның талабын қолдады. Алайда апелляциялық сот шешімді күшін жойды. Судья жауапкер – талапкердің туған әкесі екенін, оның үйді иесімен тең пайдалануға құқығы бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар, сот ер адамның 2022 жылғы қыркүйектен бастап үйде заңды түрде тұрып жатқанын, ал қызы осы уақыт бойы оған қарсылық білдірмегенін анықтады. Оны шығарып жіберу оның жалғыз баспанасына деген құқығын бұзар еді. Азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа апелляциялық сатының тұжырымдарымен келісіп, қаулыны өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, әкесі қызының ұстанымына қарамастан, оның үйінде тұру құқығын сақтап қалды.


