Реттеуші белгілері
5 сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: Реттеуші белгілері.
Мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету.
2. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Сабақтың түрі: пікірталас.
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, бағдаршам, слайд.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: - Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Реттеуші белгілері» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.
Сұрақ – жауап: Реттеуші дегеніміз кім?
- Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.
Реттеуші - жол қозғалысын дене жайымен, ишарат сабын қолданып қолдарының қимылымен, дискпен немесе онсыз, сонымен қатар ысқырық сигналымен реттеуші полиция қызыметкері.
5. 2. Реттерушінің сигналдары (ҚР - ның жол қозғалысы ережелерінен: алғашқы сан ереже, екінші сан тармақ ретін білдіреді) Реттеушінің денесі мен қолдарының, оның ішінде мынандай мәндерді білдіретін жезлдермен жасаған қимылдары реттеушінің сигналдары болып табылады:
1. Қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:
- сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыс трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;
кеуде және арқа жағынан — барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.
2. Оң қол алға созылған:
- сол бүйір жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі;
- кеуде жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тек оңға рұқсат етіледі;
- оң бүйір және арқа жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тыйым салынады, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.
3. Қол жоғары көтерілген:
Ереженің 5, 6 тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлік құралдары мен жаяу жүргізушілердің барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.
Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкін.
- 5. 3. Көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетуі мүмкін.
- 5. 4. Ысқырықпен берілген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға беріледі.
- 5. 5. Бағдаршамның (реверсивтіден басқа) реттеушінің тыйым салатын сигналы кезінде жүргізушілер тоқтау сызығының (5. 3. 3 - белгісінің) алдында, ал олар болмаған кезде:
жол қиылысында — кесіп өтетін жүріс бөлігінің алдында (Ереженің 13. 8 бөлігін ескере отырып), жаяу жүргіншілер үшін кедергі тудырмай; теміржол өтпесі алдында — Ереженің 15. 4 - тармағына сәйкес; басқа жерлерде — қозғалыс рұқсат етілген көлік құралы мен жаяу жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтатуға міндетті.
1 – оқушы: «Реттуші»
Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеуші көрдім мен,
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса да
Реттеуші жолында.
Тік көтерсе таяғын,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі,
Сары шамы сияқты.
2 – оқушы:
Кеудесімен бұрылса,
Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оны ұғынсаң,
Жолды жапты өтпе деп.
Арқа жағын қаратса,
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белгі,
Қызыл түсті жанғандай.
3 – оқушы:
Оң иық, не сол иық,
Бұрылғанда сен жаққа,
Тұрып қалма мөлтиіп,
Алға қарай тез атта.
Реттеуші бұрылды,
Бір қырындап тік тұрып,
Жасыл санда дегенді,
Жүргіншіге ұқтырып.
Реттеуші бар көшеде,
Тап болса егер кімде – кім,
Тек сол берген белгіге,
Көну соның міндеті.
Мұғалім сөзі: Рахмет, балалар. Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыз осымен аяқталды. Қай жерде жүрсеңде де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырайық.
Сау болыңдар!
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып жетекшісі: Сиражиев Е. Н.
Реттеуші белгілері жүктеу