Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Аргентинаның ұлттық құрамасы сапындағы қоштасу матчынан кейін аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге жүгінді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Месси Instagram парақшасында Аргентина құрамасымен қоштасқан хатын жариялады. «Бұл қуаныш пен біраз мұңға толы керемет сапар болды, бірақ әр қадамым сол жолға тұрарлық деп сенемін», — деп жазды ол.
Футболшы команда мен жанкүйерлерге алғыс айтып, қазірдің өзінде сағынып жүргенін мойындады. Сонымен қатар құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешімін дұрыс деп санайтынын атап өтті.
Жарияланымның түсініктемелерінде Криштиану Роналду Мессиге жүгініп, Аргентина құрамасының бұрынғы капитанына құрмет көрсетті. «Лео, сен сонша жыл бойы еліңді қорғадың, бұл тарих мәңгі есте қалады. Аргентинамен бірге қол жеткізген жетістіктерің үшін құрметім зор. Құшақтаймын», — деп жазды Роналду.
Алдыңғы күні Аргентинаның ерлер футбол құрамасы Буэнос-Айрестегі тарихи жолдастық кездесуде Бенин командасын өз алаңында ойсырата жеңді. Бұл ойын Лионель Месси үшін Аргентина құрамасы сапындағы қоштасу матчы болды.


