Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина дүйсенбіде ресми түрде бірінші орынға көтеріледі. Ол АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында американдық Коко Гауффты (4) 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Бүгінге дейін 27 жастағы Рыбакина мен 22 жастағы Гауффтың жеке кездесулерінің есебі 1:1 болатын. Екі матч та Торонтода хард кортында өткен. 2022 жылы америкалық 6:4, 6:7 (8:10), 7:6 (7:3) есебімен жеңген. 2026 жылы да үш партияда қазақстандық 5:7, 6:2, 6:2 есебімен басым түскен. Бұл жолы да қарсыластар максималды сет санын ойнады. Тіпті стихиялы түрде қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші сетті Коко жеңіп алды.

US Open жартылай финалында біздің теннисші қарсыласынан өзгеше, алғаш рет ойнады. Артур Эш атындағы кортта бірінші сетте өзін сенімсіз сезінді. 18 мәжбүрсіз қате және бар болғаны бір эйс (Гауффта төртеу) – соның айқын дәлелі. Алтыншы геймде өз подасын беріп қойып, Елена қарсыласының келесі екі подасын нөлге ұтылды. Сет кері брейкке мүмкіндік бермей аяқталды – 3:6.

Екінші партияда Рыбакина ойынын тұрақтандырды. Қателер айтарлықтай азайып, сенімділік пайда болды. Төртінші геймде брейк жасап, оны растаған соң, қазақстандық 4:1 есебімен алға шықты. Сосын кенеттен қатарынан үш геймді ұтылып қалды – 4:4. Бірақ америкалықтың трибунадағы қызу қолдауына қарамастан, Гауффты 10-шы геймде оның подасын алып, 6:4 есебімен жеңді.

Гауффты белсенді қолдаған лық толы трибуналар шешуші сетте де тынбады. Көбіне айқайлап Рыбакинаның подасына кедергі жасады. Дегенмен Елена жағдайға қарсы темірдей мінез танытып, бәрін жеңді. Қарсыласын, оның жанкүйерлерін, өзін-өзі жеңді. 3:6, 6:4, 6:4 – 2 сағат 8 минутта. Эйс есебі – 5:4, қос қате – 2:4, барлық жиналған ұпай – 88:82.

US Open-2026 финалында Рыбакина құрметті кубок үшін Арина Соболенкомен таласады. Беларусь теннисшісі мұнда 2024 және 2025 жылдары қатарынан екі рет жеңіп алған.

US Open-2026-да біздің юниор Дамир Жалғасбай күресін жалғастыруда. Қазақстандық американдық Сафир Азаммен бірге бүгін жартылай финалға шықты. Негізгі турнирде қазақстандық теннистің барлық өкілдері Рыбакинадан басқасы ракеткаларын қапқа салды.

АҚШ ашық чемпионаты – хард кортында өтетін жыл сайынғы «Үлкен дулыға» турнирі. Күнтізбелік жылдағы төрт мейджордың соңғысы. Жалпы жүлде қоры – $108 млн – мейджорлар үшін рекорд.