Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстанға жақында жасаған сапары туралы сұраққа жауап беріп, жоспарлаған істерінің бәрін атқарып үлгермегенін мойындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Журналистермен әңгіме Пекиндегі турнир аясында өткен баспасөз мәслихатында болды. Спортшыға: «US Open-нан кейін Қазақстанға барып, жеңісті тойлауды қатты қалайтыныңызды айтқан едіңіз. Еліңізбен бірге тойлау барысында сізге ерекше не есте қалды?» — деп сұрақ қойылды.

Теннисшінің айтуынша, ол жолай Словакияда аялдама жасап, содан кейін Қазақстанға бет алған.

«Көп саяхаттағандықтан, Братиславаға соқтым. Сосын Қазақстанға бардым. Кейбір міндеттемелерімді орындадым. Өкінішке қарай, қалаған нәрсемді, мысалы, балалармен уақыт өткізуді, бірнеше клиникаға баруды үлгере алмадым. Үйде тамаша демалып, тынығып алдым. Барлығы жақсы өтті», — деп келтіреді оның сөзін «Чемпионат».

Еске салайық, Елена Рыбакина маусымдағы соңғы мэйджордың чемпионы атанып, үшінші Үлкен дулыға титулын жеңіп алды. US Open қорытындысы бойынша ол әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде дебют жасады.

Осыдан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинамен кездесіп, оны қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады, сондай-ақ көрнекті спорттық жетістіктері мен Қазақстанда теннисті дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін «Барыс» III дәрежелі орденімен марапаттады.