Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіс сериясын жалғастыруда, деп хабарлайды infohub.kz.

Төртінші айналымда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған спортшы жапониялық Наоми Осакамен кездесті. Осака — бұрынғы әлемдік бірінші ракетка және US Open-тің екі дүркін чемпионы. Бұл турнирге ол WTA рейтингінде 13-ші орында тұрып келді.

Матч небәрі екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:1, 6:4 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 6 минут өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық теннисші жеті эйс жасап, бір қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды, өз подачасын ешқашан бермеді.

Рыбакина үшін бұл — US Open-те мансабындағы тұңғыш ширек финал. Осылайша, ол енді үлкен шлемнің төрт турнирінде де осы кезеңге жетті.

Келесі матчта қазақстандық теннисші қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Париж-2024 олимпиада чемпионы төртінші айналымда поляк Ига Швентектен басым түсті.

Чжэннен жеңсе, Рыбакина бәсекелестерінің нәтижесіне қарамастан, әлемдік бірінші ракетка атағын өзіне қамтамасыз етеді.