Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында поляк теннисшісі Ига Швентекке қарсы ойынды аяқтай алмады, деп хабарлайды infohub.kz.
Кездесу небәрі 28 минутқа созылды. Швентек пайдасына 4:1 және 40:40 есебінде Рыбакина денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық спортшының Ахиллес сіңірінде проблемалар туындаған.
Қысқа уақыт ішінде Рыбакина бір эйс жасады, бір қос қателік жіберді және бірде-бір брейк-пойнтты пайдалана алмады. Ал Швентек эйс жасамады, бір қос қателік жіберді және жалғыз брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.
Жартылай финалда Швентек америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.
Еске салайық, Цинциннатидегі жарыстың финалына шыққан жағдайда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанатын еді.


