Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет теннистен АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Онда ол Арина Соболенкомен тақты сарапқа салады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
US Open 2026 жартылай финалында екінші сериялық нөмір иесі әлемнің төртінші ракеткасы әрі 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы американдық Коко Гауффпен кездесті. Бәсеке өте тартысты өтіп, үш сетке созылды да, қазақстандық теннисшінің 3:6, 6:4, 6:4 есебімен ерік-жігерлі жеңісімен аяқталды.
Спортшылар кортта 2 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, екі қосарланған қате жіберді және алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Тақ үшін шешуші матчта қазақстандық Арина Соболенкомен ойнайды. Беларусь теннисшісі — американдық хард мэйджорының алдыңғы екі розыгрышының чемпионы. Өз жартылай финалында ол АҚШ өкілі Джессика Пегуладан 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.
Маусымдағы соңғы Үлкен дулыға турнирінің қорытындысы бойынша Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Ол Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің төбесінен дәл Соболенконы ығыстырады.
US Open финалы 12-ден 13 қыркүйекке қараған түні өтеді, басталуы — қазақстандық уақытпен 01:00. Бұған дейін Рыбакина екі Үлкен дулыға турнирін — Уимблдон-2022 мен Australian Open — 2026 жеңіп алған.


