Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде алған жарақатынан кейін қалпына келуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Спортшы әлі кортқа шықпағанын, бірақ АҚШ ашық чемпионатының басталуына дайын болатынына үміттенетінін мойындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Өткен аптада әлемнің екінші ракеткасы Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында жарақатына байланысты ойынды аяқтай алмай, жартылай финалға Ига Швентек шыққан еді. Кейін Рыбакина тіпті "жүру де ауыр" болғанын мойындады. Дегенмен, ол US Open-ге келіп, журналистерге қалпына келу барысы туралы айтып берді.
"Өткен турнирде жарақат алдым. Қалпына келу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Әзірге бәрі жақсы. Өкінішке қарай, әлі кортқа шыққан жоқпын. Алдағы бірнеше күнде мұны істеуге тырысамыз. Бәрі қалыпты сияқты. Алғашқы матчымда өзімді жақсы сезінетін боламын деп үміттенемін. Жалпы, он күнім болды. Дайындалуға тағы бірнеше күн бар. Бәрі матчымның қашан болатынына байланысты. Асыққымыз келмейді. 100% дайын екеніме көз жеткізгім келеді", - деді Рыбакина.


