Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаның US Open жарысында алғаш рет жартылай финалға шығуын тарихи жетістік деп бағалады, деп хабарлайды infohub.kz.

Осы нәтиженің арқасында қазақстандық спортшы әйелдер теннис қауымдастығының әлемдік рейтингінде тұңғыш рет көш басына шығып, Үлкен дулыға турнирі аяқталған соң әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

«Бұл табыстың артында Елена мен оның бүкіл командасының зор еңбегі, таланты, мінездің беріктігі мен жылдар бойғы мақсаткерлігі тұр. Бұл — миллиондаған қазақстандықты біріктіріп, шабыттандыратын жеңіс. Бүгінгі жетістік әрбір жанкүйеріміз үшін ерекше сәт болатынына және спортқа енді ғана қадам басып жатқан мыңдаған балаға үлгі болатынына сенімдімін. Елена Қазақстан өкілінің әлемдегі үздік бола алатынын дәлелдеді. Бұл — еліміздің халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтатын зор мақтаныш. Қазақстан теннис федерациясы атынан барлық қазақстандықтарды осы айтулы тарихи жетістікпен құттықтаймын!» — деді Өтемұратов.

Бұған дейін Рыбакинаның өзі нәтижесіне алғаш рет пікір білдіріп, US Open келесі матчына көңіл бөлуге тырысатынын айтқан еді. Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Коко Гауфф немесе ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.