Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 турниріне қатыспайды. Қазақстандық теннисшіге аяғының жарақатынан кейін қалпына келу үшін уақыт қажет, деп хабарлайды WTA, деп жазады infohub.kz сайты.
Спортшының жарыстан бас тартқанын турнир ұйымдастырушылары мәлімдеді. Осыдан кейін Рыбакина оны кортта көргісі келген жанкүйерлерге сөз арнап, қолдаулары үшін алғыс айтты.
«Менің ойынымды асыға күткен жанкүйерлерге қатты өкінемін. Демалып, қалпына келуім үшін біраз уақыт керек. Түсіністіктеріңіз бен үнемі қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет. Келесі жылы кездесеміз», — деді Рыбакина.
Уханьдегі жарыс 12-18 қазан аралығында өтеді және осы маусымдағы WTA 1000 санатындағы соңғы турнир болады. Өткен жылы қазақстандық осында ширек финалға дейін жеткен еді.
Турнирді өткізіп жіберу туралы шешім Пекиндегі ойынның ерте аяқталуынан кейін қабылданды. Бұған дейін «Курсив» Елена Рыбакинаның US Open-дағы жеңісінен кейін China Open-ның басында ұтылғанын жазған болатын. Екінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Армения өкілі Алина Чараеваға жол берді. Қазақстандық бірінші сетті ұтып, келесі екеуінде ұтылды — 6:3, 4:6, 3:6.


