Семейде тұрақ орны үшін болған дау жергілікті тұрғынға үлкен айыппұл әкелді: асфальтқа бояумен жазғаны үшін ол айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігінің Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Қарағайлы шағын ауданында болған. Көпқабатты үйлердің бірінің жанында белгісіз біреу бояумен «Тұрақ орнын алмаңыз» деп жазған. Бояу жанында тұрған көлікке де тиген, оның иесі полицияға шағымданған.

Бейнебақылау камераларының жазбалары бойынша полицейлер жазу 25 қыркүйекте шамамен 02:26-да жазылғанын анықтады. Мұны 40 жастағы Семей тұрғыны жасағаны белгілі болды.

Әйел қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК мөлшерінде, яғни 216 250 теңге айыппұл салынды. Қала тұрғыны әрекетінің салдарын өз бетінше жойған.

Абай облысы полиция департаментінде тұрақ орындарына қатысты келіспеушіліктерді заңды жолмен шешу қажет екенін еске салды. Онда мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзуды және бөтеннің мүлкін зақымдауды ақтамайтынын атап өтті.