Қазақстандық студенттер мен ғалымдар Әбу Әли ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетінде бірқатар білім беру іс-шараларын өткізді. Семейден келген қонақтар медицинадағы жасанды интеллекттің практикалық қолданылуын және дәрігерлерді оқытуға арналған заманауи симуляциялық технологияларды көрсетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Семейден келген студенттер мен дәрігер-резиденттер тәжік әріптестеріне жасанды интеллектті қолданатын стартаптарды көрсетіп, «Леонардо» робот-симуляторымен шеберлік сабағын өткізді. Іс-шаралар Тәжікстандағы қазақстандық медицина күндері аясында өтті.

Айта кетейік, ұсынылған жобалар профессор Сәуле Рахыжанованың жетекшілігімен әзірленген. Өз әзірлемелерін қазақстандық студент-дәрігерлер Бақытбек Ақылбеков, Сернад Калиев және Аделия Акимова таныстырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәжік әріптестерінің ерекше қызығушылығын «ХХІ ғасыр дәрігерін даярлаудағы симуляциялық технологиялар» шеберлік сабағы тудырды. Атап айтқанда, қазақстандық делегация «Леонардо» робот-симуляторының көмегімен оқыту әдістемелерін таныстырды.

Ведомство Душанбедегі қазақстандық медицина күндері аясында Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарының мамандары кардиология мен кардиохирургиядан бастап эндокринология, травматология, акушерлік және гинекологияға дейінгі кең ауқымды бағыттар бойынша консультациялар, шеберлік сабақтары, клиникалық талдаулар және басқа да практикалық іс-шаралар өткізгенін атап өтті.

Алдыңғы күні «Курсив» қазақстандық онкологтар тәжік әріптестерімен лапароскопия жүргізу тәжірибесімен бөліскенін жазған болатын. Атап айтқанда, бүйрек, бүйрек үсті безі және қуыққа операциялар жасалды.