Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров американдық Илья Малининді әділ ойын үшін берілетін жүлдемен құттықтап, бірлескен сурет жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Шайдоров тиісті жазбаны Instagram-да жариялады. Суретте Милан Олимпиадасында сәтсіз сырғанаған соң қазақстандыққа келіп құшақтаған Малинин бейнеленген.

«Fair Play Award жүлдесін алғаныңмен құттықтаймын! Сенімен мақтанамын, досым. Осы жолды сенімен бірге өткере алғаныма шексіз ризамын және әрдайым саған жанкүйер болып, әрбір жетістігіңе қуанамын», — деп жазды Шайдоров.

Милан Олимпиадасында Малинин ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау турнирінің басты фавориті саналған, алайда сәтсіз сырғанаған соң бірінші орыннан сегізінші орынға түсіп кетті. Алтынды Шайдоров жеңіп алды.

Көңілі қалса да, америкалық бірден жеңімпазды құттықтауға келді. Марапаттау рәсімінде Малинин қарсыласын қолдағысы келгенін түсіндірді.

«Әрі қарай жүруім, шынайы дос болып қалуым және қарсыласым әрі досымның жасағанын бағалауым керектігін білдім. Ол өзінің алғашқы Олимпиадасын жеңіп алды, оның арманының орындалып, мақсатына жеткенін көру маған қуаныш сыйлады», — деді сырғанаушы.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Денис Тен мемориалында Софья Самоделкина жанкүйерлердің қолдауына қалай таңырқағанын жазған.