2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шетелдік жүк көліктері ақылы жолдардағы төленбеген айыппұлдары болса, Ресей аумағына кіре немесе шыға алмайды. Мұндай жаңашылдық Ресей Үкіметінің қаулысымен енгізіліп отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жаңа ережелер Ресей арқылы өтетін барлық халықаралық автомобиль тасымалдарына, оның ішінде транзиттік ауыр жүк көліктеріне де қолданылады. Бұл шара шетелдік тасымалдаушылардың төлем тәртібін арттыруға бағытталған.
Кеден органдарының қызметкерлері мемлекеттік және муниципалдық төлемдер туралы мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы қарыздардың бар-жоғын тексеретін болады. Қарыз анықталған жағдайда, кеден шетелдік фураның кіруіне немесе шығуына тыйым салу туралы шешім шығарады, ал жүргізушіге ақылы жолдардағы жүру ақысын төлеу қажеттігі туралы талап беріледі.


