Шорт-тректен Қазақстан құрамасының 18 жастағы мүшесі Богдан Вехов Монреальде өткен 2026/27 маусымының Әлемдік турының екінші кезеңінде 1500 метр қашықтықтағы басты финалда бесінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шешуші жарыста нидерландылық Йенс ван 'т Ваут жеңіске жетті, күмісті канадалық Феликс Руссель, қоланы жапониялық Сёго Мията алды.
Канаданың Ванкувер қаласы қабылдаған Әлемдік турдың бірінші кезеңінде Вехов 1500 метр қашықтықта төртінші нәтиже көрсеткен болатын. Осы дисциплинаның жалпы есебінде қазақстандық екі жарыстан кейін 110 ұпай жинап, төртінші орында келеді.
Монреальдегі турнирде әйелдер ұлттық құрамасы 3000 метрлік эстафетада алтыншы орын алды. В финалында Алина Ажгалиева, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук және Гүлдана Жалмұхан құрамындағы команда екінші нәтиже көрсетті.
Монреальдегі Әлемдік тур кезеңі Қазақстан уақытымен 1-2 қарашаға қараған түні аяқталады.


