Шымкентте сот жекеменшік мектептің жеті жасар оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деп күдіктелген 36 жастағы мұғалімнің шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Айта кетейік, бұл — бірінші сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деп күдіктелген цифрлық сауаттылық мұғалімі туралы іс. Сот ер адамның айыптау бабын қайта саралауға қатысты шағымын қанағаттандырды.

Оқиға ақпан айында болған. Жеті жасар қыздың анасының айтуынша, қызы денесінің ауырғанына шағымданып, мұғалімнің әрекеттері туралы айтқан. Кейін 36 жастағы ер адам ұсталды.

Алғашында іс сотқа 16 жасқа толмаған адамдарға қатысты жыныстық қысым көрсету бабы бойынша түскен еді — бұл бап бойынша ең ауыры түзеу және қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу ғана қарастырылған.

Алайда сот істі 124-бап — «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғызу» бойынша қайта қарауға жіберді. Бұл бап 121-баптан өзгеше, нақты бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бірақ күдікті баптың қайта саралануымен келіспей, шағым түсірді. Сот оны бүгін қанағаттандырды.