Шымкентте әйелге дене жарақатын келтірді деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Instagram парақшасында мәлім болғандай, күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Оқиға 16 қыркүйекке қараған түні Шымкент аумағында болғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Шымкент қаласының полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Egov.Press Telegram-арнасы ұрып-соғудың салдарын көрсететін қорқынышты видео жариялаған. Видеода беті қанға боялған, жылап тұрған әйел бейнеленген. «Шымкентте күйеуі жас әйелін балалардың көзінше қатты ұрған. Оның үстіне оның атына екі миллион теңгеге кредит рәсімдеп, ал әйелдің өзіне жазалаймын деп қорқытқан. Бұл туралы зардап шеккен әйелдің туысы хабарлады», — делінген жарияланымда.

Еске салайық, әйелін балалардың көзінше ұрған күдіктінің ұсталғаны туралы қалалық полиция департаментінің хабарламасынан белгілі болды. Қылмыстық іс қозғалды.