Қазақстанда полицейлер стримерлерді жауапкершілікке тартуды жалғастыруда. Олардың бірі заңсыз контент жариялағаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шымкент қалалық полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирдің үзіндісін жариялады, онда 32 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекеттері анықталды. Оның аккаунты Moldirmonika94 деп аталады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, стример ұсталды.
«Трансляциялар кезінде әйел заңсыз контент орналастырып, көрермендерден ақша аударуды сұрағаны, ал аударымдар үшін басқа адамға тиесілі нөмірді пайдаланғаны анықталды», — деп мәлімдеді полиция.
Тексеру нәтижесінде азаматшаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік тағайындалды.
Полиция еске салады: әлеуметтік желілердегі көпшілік алдындағы белсенділік жауапкершіліктен босатпайды. Кез келген заңсыз әрекет, оның ішінде тікелей эфирлер кезінде жасалғандары да, тиісті құқықтық баға алады.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 41 жастағы стример әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерден кейін психикалық денсаулық орталығына жатқызылған болатын. Ал Алматылық блогерлер тікелей эфирлерде әдепсіз материалдар көрсеткені және балағат сөздер қолданғаны үшін қамауға алынды.


