Астанада өтіп жатқан Дэвис кубогінің үйдегі матчында Тимофей Скатов Қазақстан құрамасына Таиланд командасына қарсы екінші ұпайды әкелді. Петропавл тумасы Касидит Самрейді 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бойларының айтарлықтай айырмашылығына қарамастан — 175 сантиметрге қарсы тайлықтың 194 сантиметрі — Скатов алғашқы минуттардан бастап бастаманы өз қолына алды. Бірінші геймде-ақ қарсыласының берісін алып, оған қайта брейк жасауға мүмкіндік бермей, партияны 6:4 есебімен аяқтады.

Екінші сетте қазақстандық тағы да Самрейдің берісіндегі старттық геймді ұтып алды, алайда бұл жолы тайлық қайтарым жасай алды: алтыншы геймде Скатовтың берісін алып, есепті теңестірді — 3:3. Іс тай-брейкке жетті, онда сәттілік қазақстандыққа күлді — 7:4. Матчтың қорытынды есебі — 6:4, 7:6 (7:4), 1 сағат 46 минут ішінде. Статистика: эйстар — 5:2, қос қателіктер — 0:1, барлық ұтылған ұпайлар — 56:54.

Ойын күнінің бірінші жекпе-жегінде Александр Шевченко Максимус Джонсты әрең жеңді — 6:4, 1:6, 7:5. Осылайша, бірінші күннен кейін Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алда келеді.

Ертең матч жұптық кездесумен жалғасады. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Танапет Чанта мен Пручья Исаромен ойнайды. Егер тайлықтар жұпта жеңсе, кортқа Шевченко мен Самрей шығады. Александр Шевченко жеңілген жағдайда, кездесудің тағдырын Скатов пен Джонстың жекпе-жегі шешеді. Айта кетейік, команда капитандары кез келген ойыншыны ауыстыруға құқылы.