Беларусь теннисшісі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының финалында ракеткасын сындырып, операторларға балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
NUR.KZ Yahoo Sports Australia-ға сілтеме жасап хабарлағандай, спортшы Үлкен дулыға турнирінің екі ережесін бұзған. Финалда жеңіліс тапқан соң ол ракеткасын сындырып, өзіне тым жақын келген операторларға балағат сөздер айтқан.
Үлкен дулыға турнирлерінің ережесіне сәйкес, сындырылған ракетка үшін ең жоғары айыппұл 50 мың АҚШ долларын құрайды — мөлшері жағдайға байланысты. Әдетте айыппұл әлдеқайда аз болатыны атап өтілген, алайда Соболенко бұған дейін де осындай ереже бұзғаны үшін қосымша айыппұл алуы мүмкін. Ол 2025 жылы Австралия ашық чемпионатының финалынан кейін де ракеткасын сындырған, ал 2023 жылы АҚШ ашық чемпионатының финалынан кейін киім ауыстыратын бөлмеде бірнеше ракеткасын сындырған.
Операторға айтылған балағат сөздерге келетін болсақ, ондай әдепсіз лексика үшін айыппұл әдетте 3 мыңнан 5 мың долларға дейін болады.
Еске салайық, маусымдағы соңғы Үлкен дулыға турнирін Елена Рыбакина жеңіп алды. Бұл нәтиже оған 9901 ұпаймен Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде көш бастауға мүмкіндік берді. Қазақстандық жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде дебют жасады. Екінші орынға US Open финалында Рыбакинаға жол берген беларусь теннисшісі Арина Соболенко түсті.
Матч аяқтала салысымен беларусь спортшысы ракеткасын сындырып, кейін операторларға бірнеше рет балағат сөздер айтып, өзін түсірмеуді сұраған. WTA рейтингтері жаңарған соң қазақстандық ресми түрде әлемдегі №1 атанды.


