Алматы сотының апелляциялық алқасы «Эйр Астана» АҚ қаражатын ұрлау және заңдастыру ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қорғау тарапының шағымдары қанағаттандырылмады, деп хабарлайды infohub.kz.

Сот мәліметінше, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі адам 8 жыл 6 айға сотталды.

«Барлық сотталғандарға мүлікті тәркілеу және 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды атқаруға тыйым салу жазасы тағайындалды», — деп мәлімдеді прокуратура.

Сот авиакомпанияның 1 млрд теңгеден астам сомадағы талабын қанағаттандырды. Осы шығынды өтеу үшін сотталғандардың мүлкі тәркіленеді.

Бұған дейін Эйр Астана 2026 жылдың алғашқы айларында Лондон қор биржасындағы өз бағалы қағаздарының сауда үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өскенін мәлімдеген болатын. Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) авиатасымалдаушы басшылығына сауда көлемінің төмендігіне байланысты шетелдік листинг алаңын ауыстыруды қарастыруды ұсынған еді.