Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Тәжікстандағы зілзаладан үш жасар бала көз жұмды, ондаған үй мен мектеп бүлінді

13 сәуірде Тәжікстанның Рашт ауданында болған жер сілкінісі ауыр зардаптарға әкелді. Республиканың Төтенше жағдайлар комитеті таратқан мәліметке сәйкес, сілкініс кезінде тұрғын үй қабырғасы құлап, үйінді астында үш жасар бүлдіршін қаза тапқан.

Табиғи апат Рашт пен Тәжікабад аудандарында кем дегенде 29 тұрғын үй мен бір мектепке айтарлықтай зиян келтірді. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар мен арнайы құрылған комиссия апат салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда.

Алдын ала мәлімет бойынша, зілзаланың эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан. Оның әсері Қазақстанның оңтүстігіндегі Шымкент пен Тараз қалаларында да сезілген болатын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама