Астанадағы элиталық көпфункционалды Talan Towers кешенінің басшылығы дауылды желден қасбет элементі үзіліп, тұрақта тұрған көліктерді зақымдаған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Кешен әкімшілігі өз жауапкершілігін мойындап, автокөлік иелеріне нақты шығынды толық өтеуге уәде берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Talan Towers өкілдерінің түсіндіруінше, төтенше оқиғаға пайдаланылып жүрген террасаға бекітілген фанер парағы себеп болған. Мұндай элементтер қыс-күз мезгілі басталғанда кеңістікті қар мен мұздан қорғау үшін жыл сайын орнатылады. Алайда кешегі аномалды күшті жел екпіні бекітпелерді үзіп кеткен.

«Оқиға құқық қорғау органдарында тіркелді, барлық қажетті шаралар қолданылуда. Бұл оқиға сақтандыру жағдайы болып табылады», — деп хабарлады әкімшілік.

Егер сақтандыру төлемі көліктерді жөндеу шығынын толық жаппаса, қалған соманы Talan Towers өз қаражатынан өтейді.

Еске салайық, қатты екпінді желден Talan Towers шатырынан үлкен ОСБ парағы тұрақ алаңына құлап, тұрақта тұрған екі көлікті — Hyundai Mufasa мен Chevrolet Tahoe-ны зақымдаған болатын.