Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің бірінші айналымын сәтті өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бірінші матчта әлемдік рейтингте 473-орында тұрған қазақстандық WTA рейтингінің 282-жолында орналасқан Жапония өкілі Мэй Ямагучимен кездесті.
Қарсыластың рейтингтегі орны жоғары болғанына қарамастан, Құламбаева екі сетте — 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды.
Матч барысында қазақстандық теннисші қарсыластың екінші берісінде ұпайлардың 62%-ын жеңіп алып, он брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Сонымен қатар Құламбаева 150 розыгрыштың 83-ін жеңіп алды, бұл жалпы ұпай санының 55%-ын құрады.
Айта кетейік, Жібек жарыстың негізгі сеткасына іріктеу арқылы өтіп, енді ширек финалға шығу үшін күресін жалғастырады.
Екінші айналымда қазақстандық жапондық Моюка Учижима мен турнирдің үшінші сеянаясы поляк Майя Линетт арасындағы қарсыласудың жеңімпазымен кездеседі.


