Apple бас директоры Тим Кук қызметінен кететінін жариялап, компания өнімдерін пайдаланушыларға X әлеуметтік желісінде үндеу жасады. Қоштасу жазбасында ол: «CEO ретіндегі соңғы күнімде Apple қауымдастығына махаббат теңізін жіберемін. Ертең менің лауазымым өзгереді, бірақ Apple қауымдастығына деген сүйіспеншілігім ешқашан өзгермейді. Сіздерге үнемі шабыт көзі болғандарыңыз үшін рахмет. Алғысым шексіз, мен келесі тарауды асыға күтемін!» — деп жазды, деп хабарлайды infohub.kz.

Еске салайық, бүгін Тим Куктың 15 жыл бойы атқарған Apple бас директоры қызметінен кететіні белгілі болды. Өкілеттіктер ресми түрде компанияның ардагері Джон Тернусқа тапсырылды. Кук бұл қызметте 2011 жылдың 24 тамызында Стив Джобсты ауыстырды, ол ауруына байланысты отставкаға кеткен еді.

Айта кетейік, жаңа бас директордың жақын арада тағайындалатыны биылғы жылдың сәуірінде белгілі болған. Кейінірек Apple-дегі кадрлық өзгерістердің себептері туралы ақпарат пайда болды.

Сонымен қатар, Apple пайдаланушылары жаңа iPhone презентациясын күтуде — компания жаңа өнімдерін келесі аптада, 9 қыркүйекте таныстыруды жоспарлап отыр.