Modern Talking тобының бұрынғы әншісі, неміс әншісі, музыкант және актер Томас Андерс әлеуметтік желіде Алматы мен Астанадағы концерттерінен кадрлар жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әлем жұлдызы Астанада 31 қазанда, ал Алматыда 1 қарашада өнер көрсетті. Томас Андерс концерттеріне келген көрермендермен селфи түсіруге үлгерді.
«Менің керемет көрерменіммен селфи түсіретін уақыт! Екі қала, екі ұмытылмас кеш және мыңдаған күлімсіреген жүз! Қандай ғажайып атмосфера — бұл сәттерді сіздермен бөлісу қандай тамаша болды! Қазақстан, сіздер шынымен де керемет едіңіздер! Барлық махаббатыңыз, жігеріңіз және ұмытылмас естеліктеріңіз үшін рақмет!» — деп жазды әнші.
Жанкүйерлер жазбаға ризашылық пікірлермен жауап берді. «Міне, ақыры осы видеоны күтіп алдық! Қандай тамаша! Қаншама керемет естелік пен ұмытылмас әсер!», «Керемет», «Томас Андерспен бірге түскен менің алғашқы видеом (мен көрінбесем де). Томас, біз де сені жақсы көреміз», «Сен кереметсің! Қазақстанда тағы да күтеміз», — деп жазады олар.


