Шығыс Қытайдағы Циндао қаласында жүк кемесінде өрт шығып, ауыр зардаптарға әкелді. Апат салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар деп хабарлайды мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған infohub.kz сайты.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин құтқару жұмыстарын жедел жүргізуді және оқиғаның себептерін жылдам тексеруді тапсырды.
Шетел туы бар кеме Циндао қаласындағы кеме жөндеу зауытында техникалық қызметтен өтіп жатқан. Өрт жергілікті уақытпен сағат 11:15-те (Гринвич уақытымен 03:15) тұтанған. Бұл туралы мемлекеттік «Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады.
Апаттың мән-жайы мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет әзірге жарияланған жоқ. Оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жақын арада пайда болады деп күтілуде.


