УЕФА Чемпиондар Лигасының 2026/27 маусымындағы іріктеу кезеңдері аяқталды. Жалпы кезеңге 36 команда қатысады, деп хабарлайды infohub.kz.

Қазақстанның басты еурокубогында жалғыз өкілі «Қайрат» болды. Алматылықтар іріктеудің екі кезеңінен өтті, бірақ үшіншісінде жолдарын жалғастыра алмады. Барлығы іріктеу төрт кезеңнен тұрды.

Енді 36 команда жалпы кезеңде төрт үй және төрт қонақтық ойын өткізеді. Жеребе 27 тамызда өтеді. Қатысушылар төрт себетке бөлінеді:

«ПСЖ» (Франция), «Бавария» (Германия), «Реал Мадрид», «Барселона», «Атлетико Мадрид» (барлығы – Испания), «Интер» (Италия), «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Арсенал» (барлығы – Англия).

«Боруссия Дортмунд» (Германия), «Рома» (Италия), «Порту», «Спортинг» (екеуі де – Португалия), «Брюгге» (Бельгия), «Астон Вилла», «Манчестер Юнайтед» (екеуі де – Англия), «Бетис» (Испания), ПСВ (Нидерланды).

«Фейеноорд» (Нидерланды), «Буде-Глимт» (Норвегия), «Лилль» (Франция), «Галатасарай», «Фенербахче» (екеуі де – Түркия), «Вильярреал» (Испания), «Наполи» (Италия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Шахтер» (Украина).

«Славия» (Чехия), «Слован» (Словакия), «Штутгарт» (Германия), «Сабах» (Әзірбайжан), «Викинг» (Норвегия), АЕК (Грекия), ЛАСК (Аустрия), «Комо» (Италия), «Ланс» (Франция).

Әр команда барлық себеттерден екі қарсылас алады. Жеребе тартылғаннан кейін күнтізбе қалыптастырылады.

«Сабах» сапында қақпашы Стас Покатилов ойнайды – ол осы маусымда Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған жалғыз қазақстандық футболшы.