Қырғызстандық спортшы Валентина Шевченко ауыр жарақатына байланысты UFC чемпиондық белбеуін уақытша тастады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Боксшының жаттықтырушысы Павел Федотов «Ушатайка» Telegram-арнасына берген сұхбатында спортшының денсаулығы туралы айтты. Алдыңғы күні 38 жастағы Шевченконың бразилиялық Наталья Силвамен 3 қазанда өтетін жекпе-жегінен бас тартқаны белгілі болды. Себеп — иық пен арқа байламдарының жарақаты. Оның орнына Силва сол турнирде бос титул үшін қытайлық Ван Конгпен кездеседі.
«Силвамен жекпе-жек өткізуіміз керек еді. Бірақ иық пен арқа байламдарының жарақатына байланысты асықпай, жекпе-жекті кейінге қалдыруды жөн көрдік. Байламдардың толық жазылуына сегіз айға дейін уақыт қажет дейді. Қалпына келу ұзаққа созылатындықтан, белбеуді уақытша қалдырып, қалпына келгеннен кейін қайтаруды жөн көрдік», — деді Федотов.
Шевченко салмақ дәрежесіне қарамастан UFC әйелдер рейтингінің көшбасшысы. Кәсіби аралас жекпе-жекте қырғызстандық спортшы 26 жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген және бір рет тең түскен.


