(пікірлер, лебіздер)

«Жизнь солдата» жинағында (1946. Москва) жарияланған Баубектің екі публицистикалық мақаласына жазған кіріспе сөзі.

...1943 жылы жол түскен сәтінде Бұлқышев редакцияға соқты.

Қаншама әңгіме, сыр шертістік десеңізші!

— Біздің адамдарымыз сияқты адамдармен жеңіп шықпау мүмкін емес, — деді ол сөз арасында. — Ұрысқа берілген сәтте өзімді ұмытып кетемін де бұйрықты қазақ тілінде беріп қалатын кезім болады. Жауынгерлер соны бұлжытпай орындайды. Ал, ұрыс аяқталған кезде: «Жолдас, аға лейтенант, бұйрығыңызды орысша айтсаңызшы, біз сіздің тіліңізді білмейміз», — дейді. Мінекей, тілімді білмесе де, ойымды жүрегімен ұғады. Өйткені біздің бәріміздің де ой - мақсатымыз біртұтас...

ЮРИЙ ЖУКОВ. ВАЛЕНТИНА САКОВА