Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай табиғи ескерткішінде вандализмнің кезекті оқиғасы тіркелді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігі облыстық полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, бірнеше күн бұрын 911.aktau Instagram парақшасында Ыбықты сай шатқалындағы вандализм әрекетін бейнелейтін видео жарияланған. Кадрларда жас жігіттің жартасқа тікелей жазу жазып жатқаны көрінеді.

Бүгін NUR.KZ тілшісіне Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі табиғи нысан аумағындағы вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. «34 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жалғасуда», — деді полицияда.

Облыстық полиция департаменті вандализм мен табиғи нысандарды бүлдіруге жол берілмейтінін еске салды. Әрбір мұндай фактіге қатаң құқықтық баға беріледі. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады, деп сендірді баспасөз қызметінде.

Еске салайық, биыл мамыр айында облыс полицейлері Ыбықты сай аумағында өз есімі мен көлік нөмірі жазылған жазулар қалдырған ер адамды анықтаған болатын. Сот оған 25 тәулік қамау түріндегі жаза тағайындады.