Санкт-Петербургтің «Зениті» Ресей премьер-лигасының (РПЛ) тоғызыншы турында Қалининградтың «Балтикасын» қонақта ұтты — «Ростех Аренадағы» кездесу қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жеңімпаздар сапында ресейлік шабуылшылар Максим Глушенков (9-минут) пен Александр Соболев (16-минут), сондай-ақ бразилиялық қанат ойыншысы Луис Энрике (49-минут) гол соқты.

Алаң иелерінің қақпасына сальвадорлық форвард Брайан Хиль (22-минут) мен ресейлік жартылай қорғаушы Илья Петров (81-минут) гол енгізді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Алип ойынды қосалқы құрамда бастап, 67-минутта алаңға шықты. Ол өзіне берілген уақытта нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді, бес жекпе-жек өткізіп, 11 пас берді, оның жетеуі дәл болды.

«Зенит» қатарынан екінші жеңісін алып, 18 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді. Алайда бүкіл турдың қорытындысы бойынша петерборлықтар төмен түсуі мүмкін.

«Балтика» РПЛ-дегі жеңіссіз сериясын үш ойынға созды. 11 ұпаймен қалининградтықтар кестеде сегізінші орында тұр.